Қазақстан Ұлттық Банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay төлем карталарының халықаралық жүйелері төлем карталарын (интерчейндж мөлшерлемелерін) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банкаралық ішкі ұлттық комиссия мөлшерлемелерінің шекті мөлшерін төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды.
Келісімнің талаптарына сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін Төлем карталарының халықаралық жүйелері интерчейндж мөлшерлемелерін бірден 2 есе төмендетуге міндеттеледі.
Шекті мөлшерлемелер төмендеген кезде кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады.
ҚРҰБ материалдары бойынша