Қазақстанда букмекерлік кеңселерде ойнауға тыйым салынған адамдардың тізімі жасалады

Ережемен “құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген тұлға” деген жаңа ұғымды енгізу жоспарлануда.

Бұл құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді теріс пайдалану салдарынан сот әрекет қабілеттілігімен шектелген жеке тұлғаны, сондай-ақ өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан шектеген жеке тұлғаны білдіреді.

Ставкаларды есепке алу орталығы қолма-қол және қолма-қол емес төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдар тізіміндегі адамның пайдасына қабылдаудан және жүзеге асырудан бас тартады, бас тарту туралы тиісті хабарлама жіберіледі.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар онлайн-режимде ставкаларды есепке алу орталығына әрбір ставкаға қатысушы бойынша қабылданған ставкалар, оның ішінде электрондық ставкалар, ставкалар нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар және олар бойынша төлемдер туралы мәліметтерді береді деп жоспарлануда